Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Бейсенбі күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«26 қыркүйекте Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с», — делінген хабарда.

26 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с. Алматы қ.: 26 қыркүйекте күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Қонаев қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. 2024 жылдың 26-27 қыркүйек аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

You may also like...