Астанада суретші Тілеужан Батановтың көрмесі ашылады

Бүгін Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Суретшілер одағы және Дизайнерлер одағының мүшесі, Суретшілер академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дизайн кафедрасының профессоры Тілеужан Батановтың «Сезім» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық музейі Баспасөз бөлімі.

Көрменің мақсаты – адам жанының тереңдігін паш ететін суретші шығармашылығының сезімге толы дүниелерін талғампаз көрерменнің назарына ұсыну. Көрмеге автордың кескіндемелік, графикалық және мүсіндік 150-ге жуық шығармашылық жұмыстары қойылады.

Тілеужан Бағыбайұлы 80-ге жуық халыкаралық және республикалық симпозиумдарының қатысушысы. 200-ден астам шығармашылық көркем және мүсін жұмыстары АҚШ, Ресей, Швейцария, Дания, Австралия, Нидерланд, Түркия, Германия, Грузия, Өзбекстан және басқа да жекеменшік коллекцияларда сақтаулы.

You may also like...